Сазару. Сөздіктегі түсіндіруде — мелшиіп қарап қалу, бедірею делінген.
«Шалғай шепте шалқайып cap тап болып, сазарып үстірт жатыр» (М. Сатыбалдиев, Қоңыр қозы).
«Ағасында өң-түс жоқ, бір бозарып, бір сазарды» (Ө. Қанахин, Жас дәурен).
Екі мысалдың, бірінің сонынан екіншісін қатар берілу себебін сезген де боларсыздар. Мағына жағынан, мысалда келтірілген «сазарудың», түсіндірме сөздікте көрсеткендей, «мелшию мен бедірсюге» жанасымы шамалы. Сөйлем ішіндегі «сазар» сөзі арқылы да, оның төркініне жорамал жасау қиынға соқпайды. «Сазарудың» алғашқы мағынасы «сарғаю, сарғылттану» десек, қүрғақ ойдың жетегіне кеткендік бола да бермейді. Өйткені, кейбір түркі тілдсрі дерегі ойымыздың шындыққа жақындығын жақтайды. Қырғыз тілінде «сазар»— сарғылттану, якуттарда «сасар»—сарғаю мағыналарында түсіндіріледі. Бүларды былай қойғанда, якутша біздегі «сары» мағынасындағы сөз—«сасархай» түлғасында беріледі. Екі тілдін: қайсысында да сөз түбірі бірінде —«саз», екіншісінде — «сас» екендігін іркілмей айта аламыз. Бүл жерде тағы да түркі тілдеріндегі дәстүрлі дыбыс сәйкестіктеріне ( р ~ с , р~з: көз~көр сияқты) жүгінуіміз керек. Осы себептен де «саз», «сас» тұлғалары біздегі «сар(ы)» сөзімен теңбе-тең.
Сөйтіп, «сазар», етістігінін. алғашқы мағынасы «сарғай» деген болып шығады.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер