Ұзын таяқ; аса. «Оның қолынан аса таяғы түспейді». Е. Жанпейісов Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі атты кітабында «аса, келтек» сөздеріне талдау жасай отырып, «Аса — ұзын да, келтек — қысқа келеді» дейді. Бірақ «аса» сөзінің төркіні туралы әңгіме болмаған. Біздің жорамалымызша, «аса таяқ» екі сөз. Араб тілінде: ғәса — таяқ, жіңішке таяқ. Иран тілінде де осы тұлғада «таяқ» мағынасында қолданылады. Сөйтіп «аса таяқ» тіркесіндегі «аса» жүйесі басқа (араб, иран) тілдерден ауысып, өз тіліміздегі «таяқ» сөзімен қосарланып, «таяқ таяқ» дегенді ұғындырады.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
Дереккөздер
Санат:Әдебиет