Көкжелек көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Шарбақты көшесінде аяқталады. М. Шоқай, Шалгөде көшелерімен қиылысады. Ұзындығы - 1048,7 м. Бұрынғы атауы Зеленый көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы.

Гүл серігіндегі күлтенің жеке жапырақшасын «желек» деп атайды. «Көк» сөзінің тіркесуі арқылы айнала қоршаған орман ағаштарының көптігін білдіреді. Астана көшелері. Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері