Эдуард (Edward) – Ніл өзені алабындағы көл. Шығыс Африкадағы Конго Демократиялық Республикасы мен Уганда шекарасында. Ауданы 2150 км², тереңдігі 111 м. Көл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан (абс. биіктігі 913 м). Жағалауының басым бөлігі аласа, батпақты, қамыс-құрақ нуы өскен; батыс жағалауы биік, тік-жарлы. Эдуард көленнен Альберт көленіне құятын Семлики өзеңі ағып шығады. Балық ауланады. Біршама бөлігі Вирунг қорығының құрамына кіреді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Уганда көлдері Санат:Конго көлдері