Ақбастау — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Ақбастау ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде, Нұра өзенінің аңғарында, Ақбастау тауының етегінде орналасқан.
Тарихы 20 ғасырдың 60-жылдарына дейін Тельман ауданы ұжымшарларының жайлауы болған. 1961 жылы 4 мамырыңда «Ақбастау» кеңшары ұйымдастырылған. Жерінің жалпы ауданы - 85,5 мың. га. Шаруашылықтың мамандырылған негізгі бағыттары - мал бордақылау, қосымша саласы - егін егу болды. Кеңшар негізінде 17 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен958 579 481 83,1 286 252 88,1 293 229 78,2
Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Тихоновка, Калинин, Ленин) орта мектеп, ОДА, клуб, кітапхана, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарағанды темір жол стансасы 80 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері