Айыртас – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының солтүстігін ала Милыбұлақ ауылының шығысына таман 13 км жерде орналасқан.

Жер бедері Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 3-4 км-ге созылып жатыр, ендірек жері 2-3 км. Ең биік жері 1108 м. Беткейлері тік, жыралармен жиі тілімделген. Тау етегінде көптеген бұлақтар бар.

Геологиялық құрылымы Тау бетін элювийлік-делювийлік шөгінділер жауып жатқан карбон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қызыл коңыр топырақты өңірінде бетеге, жусан, тобылғы, тырбық, қараған, түрлі шөп өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары