Жанкент көшесі - Астана қаласындағы көше атауы.
Бұрынғы атауы №42 көше. Оңтұстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Жанкент көшесі Қарқабат көшесінен басталып, Мұқан Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы - 3057,8 м.
Құндызды, Талғар, Обаған, Аршын, Зеренді, Қоңыраулы, Қордай, Кегей, Отақты, Сырымбет, Бағаналы, Мағжан Жұмабаев даңғылы, Сарқан, т.б. көптеген көшелермен қиылысады.
Жанкент - орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орналасқан. Жанкент «жаңа қала» деген мағынаны білдіреді.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері