А. Иманов көшесі. А. Иманов көшесі Ә. Мәмбетов көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде аяқталады. Республика даңғылын және М. Әуезов, Қорқыт, М. Ғабдуллин, Қарамерген, Ш. Иманбаева, Үшқиян, С. Рақымов, Ш. Уәлиханов, Тараз, Асан қайғы, Ә. Сембинов, Б. Бейсекбаев, А. Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 4917,2 м.
Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919) - халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей патшасының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торгай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтерілісі барысында айқын көрінді. Көтерілісшілер Қогалыкөлде бас қосып, Әбдігаппарды хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы етіп сайлайды. Амангелдінің ерлікке толы ғүмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шыгармаларына арқау болды.
Бұл көшеде «Самұрық» кинотеатры, «Қазына» сауда үйі, Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері