Стивен Джордж Джеррард (; 30 мамыр 1980, Уистон, Мерсисайд, Англия) — ағылшын футболшысы, «Ливерпуль» футбол клубы мен Англия Ұлттық футбол құрама командасының экс-жартылай қорғаушысы. Қазір "Рейнджерс" клубының бас бапкері.

Мансабы Алғашқы қадамдар Джеррард футбол ойнауды туған қаласының «Уистон Джуниорс» командасының құрамында бастаған. 9 жасында оны «Ливерпуль» скауттары байқап, 1989 жылы ол «Қызылдардың» жас жеткіншектер командасына қосылады. Балалық шағында Стивен керемет өнерімен көрінбей, командасының негізгі құрамында сирек енетін.

«Ливерпуль» Негізгі құрамда 1998 жылдың 29 қарашасында «Блэкберн Роверcке» қарсы ойында екінші таймда Веггард Хеггемді алмастыру арқылы алаңға шығады. Алғашқы маусымында Джеррард УЕФА Кубогында «Сельтамен» болған ойында жақсы жағынан көрсетіп, сол маусымда Джейми Реднаппты алмастырып, 13 ойын өткізіп үлгереді.

2004/05 УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турниріндегі соңғы матчта «Олимпиакоспен» өткен ойында мерсисайдтықтарға келесі айналымға шығу үшін 2:0 есебімен жеңіске жету керек еді. «Ливерпуль» мұратына жетіп, шешуші 22 метр қашықтықтан соғылған голдың авторы дәл сол Стивен Джеррард болды. Сол маусымда «Қызылдар» ақтық кездесуге дейін жетіп, баршаның есінде қалған триллердің авторы атанды. Истанбулдың «Ататүрк» стадионында «Милан» алғашқы 45-минутта еш мүмкіндік берместен, ағылшындар қорғанысының тоз-тозын шығарып жатты: 3:0. Екінші тайм сценариі керісінше өрбіді. Командасын алға сүйреген Джеррард бұл ойында өзін нағыз көсем ретінде танытып, «Ливерпульге» жан бітірген алғашқы қарымта добын соқты. Бұдан кейінгі оқиғалар тарихқа мәлім. Нәтижесінде жеңіске жеткен «Ливерпуль» Еуропаның клубтық чемпионы атанды. Ал, күміс Кубокты көтерген Стивен Джеррард жеңіске жеткен екінші ең жас капитан атанды (ең жас капитан 1991 жылы Дидье Дешам болды).

Келесі жылы Англия Кубогының финалында мергендігімен көрінген Джеррард ағылшын командалары қатыса алатын барлық турнирлердің финалдарында доп соға білген жалғыз футболшы болды. Стивен Англия Кубогы (2006 жылы «Вест Хэм»), Лига Кубогы (2003 жылы «Манчестер Юнайтед»), УЕФА Кубогы (2001 жылы «Алавес»), Чемпиондар Лигасының (2005 жылы «Миланға») қарсы финалдарының бәрінде гол соқты.

Англия құрамасы Жартылай қорғаушы Стивен Джеррард Англия құрама командасы сапында алғашқы ойнын 2000 жылы 31 мамырда Украинаға қарсы өткізді. Джеррард екі жылдан соң Алмания құрамасымен болған әйгілі 2002 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчында «бундесманншафт» қақпасына голдарды топырлатқан футболшылардың бірі атанды. Ағылшындар сырт алаңда 5:1 есебімен жеңіске жетіп, Джеррард құрама ойындарындағы алғашқы добын соқты. Англияның 2006 жылғы Әлем чемпионатындағы ширек финалда Португалиямен өткен ойнындағы ағылшындар үшін қашанда қайғы-қасіретке толы пенальтилер сериясында Джеррардтың басқа үш командаласының сияқты соққыларын португалдықтардың қақпашысы Рикарду қағып жіберді. 2010 жылғы әлем чемпионатында да ағылшындардың жолы болмай, Англия 1/8 финалда 1:4 есебімен немістерге жол береді. Жеке өмірі Стивен модель Алекс Курранға үйленген, үш қызы бар: Лили-Элла (2004 жыл, 23 ақпан), Лекси (2006 жыл, 9 мамыр) және Лурдес (2011 жыл, 31 қазан) 2006 жылдың 1 қыркүйегінде өзіне қатысты өсек аяңға нүкте қоятын Стивен Джеррардтың алғашқы «Джеррард: Менің тарихым» (Gerrard: My Story) атты автобиографиялық кітабы жарық көрді.

Жаттықтырушылық мансабы Ливерпуль жастары 2017 жылдың 20 қаңтарында Джеррард Ливерпуль академиясында бапкер болып тағайындалды. 2017 жылдың қыркүйегінде Джеррард Ливерпульдің 19 жасқа дейінгі командасын басқарды. Оның басты мақсаты УЕФА жастар лигасында табысқа жету болды. Марибор, Севилья және Спартак Мәскеумен бір топта Мерсисайдтар сенімді түрде бірінші орынды иеленіп, 1/8 финалға тікелей жолдама алды (бірінші орын алған командалар 1/8 финалға тікелей өтеді, ал екінші орын алған командалар сол кезеңдегі орын үшін плей-офф ойнайды), онда олар Манчестер Ситимен кездесті. 2018 жылдың 14 наурызында Ливерпуль Мини стадионында Манчестер командасымен 1-1 есебімен тең ойнады, бірақ Сити пенальтилер сериясында жеңіске жетті.

«Рейнджерс» 2018 жылдың 4 мамырында Джеррардтың Шотландияның «Рейнджерс» клубымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойғаны, 2017/18 маусымы аяқталғаннан кейін клубқа қосылғаны жарияланды. Джеррардтың басшылығымен команданың нәтижелері біртіндеп жақсарды. 2010/11 маусымынан бері алғаш рет «Рейнджерс» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты, ал 2018 жылдың 29 желтоқсанында олар алты жыл ішінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, бұл қарсыласы «Селтикке» (1-0) қарсы ойында болды. «Рейнджерс» Джеррардтың басшылығымен алғашқы екі маусымда екінші орын алды, бұл да команданың 2011 жылдан бергі ең жақсы нәтижесі болды. 2020/21 маусымында «Рейнджерс» тарихи серпіліс жасап, он жыл ішінде алғаш рет Шотландия чемпионы атанды. Титул алты матч қалғанда, «Селтиктен» 20 ұпай артықшылықта болған кезде ерте жеңіп алынды.https://news.sportbox.ru/Vidy_sporta/Futbol/Evropejskie_chempionaty/Shotlandija/spbnews_NI1322413_Rejndzhers_Dzherrarda_dosrochno_stal_chempionom_Shotlandii

«Астон Вилла» 2021 жылдың 11 қарашасында «Астон Вилла» бірнеше күн бұрын қызметінен босатылған Дин Смиттің орнына Джеррардты жаңа бас бапкер етіп тағайындады. 2022 жылдың 20 қазанында, тағайындалғаннан кейін 11 айдан соң, Джеррард клубтың нашар нәтижелеріне байланысты қызметінен босатылды — 2022/23 маусымындағы 11 ойыннан кейін 17-ші орын.https://www.championat.com/football/news-4861903-dzherrard-uvolen-s-dolzhnosti-glavnogo-trenera-aston-villy.html

«Аль-Иттифак» 2023 жылдың 3 шілдесінде ол Сауд Арабиясының «Әл-Иттифак» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Оның соңғы клубы Сауд Арабиясының «Әл-Иттифак» командасы болды, ол командадан 2025 жылы кетті. https://www.championat.com/football/news-4861903-dzherrard-uvolen-s-dolzhnosti-glavnogo-trenera-aston-villy.html

Соңғы айларда БАҚ-та оған ағылшынның «Бристоль Сити» клубын басқару ұсынылды деген ақпарат тарады, бірақ бұл тағайындау әлі расталған жоқ.Джеррард қазіргі уақытта футбол маманы және әртүрлі жобалардың елшісі ретінде де жұмыс істейді.https://www.livesport.ru/football/2026/04/28/gerrard/?utm_source=chatgpt.com

Жетістіктері

Командалық

«Ливерпуль»

Англия кубогы (2): 2000/01, 2005/06 Лига кубогы (3): 2000/01, 2002/03, 2011/12 Англия суперкубогы (2): 2001, 2006 УЕФА чемпиондар лигасы: 2004/05 УЕФА кубогы: 2000/01 УЕФА суперкубогы (2): 2001, 2005

Жеке

Англия чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2001 Англия чемпионатындағы жыл футболшысы: 2006 УЕФА-дағы клубтық деңгейдегі үздік футболшы: 2005 Чемпиондар лигасының финалындағы үздік ойыншы: 2005 Англия кубогының финалындағы үздік ойыншы: 2006 "Ливерпульдің" маусымдағы үздік футболшысы: 2004/05, 2005/06, 2008/09, 2014/15 Маусымның үздік голы: 2006

Статистика

+ КлубтықКлубМауысымПремьер-лигаАнглия кубогiАнглия Лига кубогыЕуропаБасқаБарлығыОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарОйындарГолдарЛиверпуль2012/136200003100932011/12185614200002882010/11214100024002482009/1033921101320049122008/0929162100970040242007/08341133211360052212006/0736710111231051112005/06321064111272153232004/0530700321040043132003/04344302082004762002/033452062110105472001/022832000151004542000/013374140920050101999/00291200000003111998/9912000100000130Барлығы 409 91 34 11 24 10 117 39 4 1 588 152

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль ФК «Ливерпуль» ресми сайтында Профиль LFCHistory.net сайтында Профиль BBC Spor сайтындаt Профиль LiverpoolFC.ru сайтында Мансап Liverpool-Live.com сайтында Профиль Liverbird.ru сайтында Статистика football-stat.homeip.net сайтында

Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Англия футбол жаттықтырушылары Санат:Рейнджерс ФК жаттықтырушылары Санат:Лос-Анжелес Гэлакси ФК ойыншылары