Көшеге қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Мұқан Төлебаевтың есімі (1961 жылы) берілген. Телебаев Мұқан Төлебайұлы (1913-1960) Алматы облысының Қарашаған ауылында дүниеге келген. Ол - «Біржан - Сара», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» операларын жазды.
Көше Жетісу, Медеу аудандарында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып, Абай даңғылына дейін созылып жатыр. Бұл - қаланың байырғы көшелерінің бірі. Бұрынғы атаулары: а) Сергиополь; ә) Фонтанная көшелері.
Көшенің ұзындығы - 3100 метр.
Көше бойында «Жетісу» аяқ киім өндірістік бірлестігі, Қазақстан композиторлар одағы, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, М.Әуезовтің, Д.Қонаевтың мемориалдық мұражайлары орналасқан. Көшенін Абай даңғылымен түйіскен жерінде «Жетісу» қайнары (фонтан) жасалған.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері