Бұзау Толысбайұлы (1861-1918), ел билеген, болыс болған адам. Руы — Найман ішінде Бағаналының Сары Шағыр бұтағы.

Бұзаудың әкесі Толысбайға 6 мың жылқы біткен. Бұзау болыс өз заманында әділ төрелігі, ірі кісілігімен құрметке ие болған. 18 және 21 жасында екі рет болыстыққа сайланған. Жер дауы, жесір дауын әділ шешіп, Бағаналы, Кіші жүз Тама, Арғын, Қыпшақ руларынын ара жігін ашпауға күш салған. Өзінің замандасы Бидаш болысты Орынбор түрмесінен босатып алып қайтқан. Әйелдер арасынан алғаш болыс сайланған Бидаш бәйбіше Бұзаудың кісілігіне риза болып өз қызы Бибіаршаны оған әйел үстіне берген. Бұзау болыстың үш әйелі болған. Бұзау болыс өзіне біткен мол дәулетті елдік, бірлік жолына жұмсаған. Көкшетау уезінің Атбасар болысында болыстыққа талас кезінде болған қақтығыс кезінде түрмеге түскен 5 адамды кепілдікке шығарып алғанда осы Бұзау болыс еді. Бибіаршадан туған Бұзауұлы Бәкия бүгінде Жыланды ауылында тұрады. Бұзау болыстың бейіті Малшыбай ауылына жақын, Алаша хан мазарының түбінде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Бұзау болыс және оның ұрпақтары

Жалпы Өтептің баласы Толысбай өте бай адам болған. Ол заманда барымта деген көп болғандықтан Толысбай аруақтарға «малыма ие болатын, барымта-сырымтадан қорғайтын ұл бере көр» деп жалбарынып жүреді екен. Арты жақсы болып, құдай тілегін беріп, төрт ұлды болыпты. Ұлдары Аухау, Бұзау, Тәукебай, Шенеубай. Көне көз қариялардың айтуына қарағанда Аухау да әкесі Толысбай сияқты бай болыпты. Аухау атамыздан туған Жар атамыздың он бір баласы бар.

Бұзау болыс

Бұзау Толысбайұлы (1861-1918), (сурети атамыздын) ел билеген, болыс болған адам. Руы — Бағаналының Сары Шағыр бұтағы. Бұзаудың әкесі Толысбайға 6 мың жылқы біткен. Бұзау болыс өз заманында әділ төрелігі, ірі кісілігімен құрметке ие болған. 18 және 21 жасында екі рет болыстыққа сайланған. Жер дауы, жесір дауын әділ шешіп, Бағаналы, Кіші жүзТама, Арғын, Қыпшақ руларынын ара жігін ашпауға күш салған. Өзінің замандасы Бидаш болысты Орынбор түрмесінен босатып алып қайтқан. Әйелдер арасынан алғаш болыс сайланған Бидаш бәйбіше Бұзаудың кісілігіне риза болып өз қызы Бибіаршаны оған әйел үстіне берген. Бұзау болыстың өз заманында үш әйелі болған көрінеді. Бірінші әйелі бәйбішесі Жібек, тоалдары Шекерайым, Бибіарша. Бұзау болыс өзіне біткен мол дәулетті елдік, бірлік жолына жұмсаған. Көкшетау уезінің Атбасар болысында болыстыққа талас кезінде болған қақтығыс кезінде түрмеге түскен 5 адамды кепілдікке шығарып алғанда осы Бұзау болыс еді. Бибіаршадан туған Бұзауұлы Бәкия бүгінде Жыланды ауылында тұрады.

Сайдалы бидің Бұзауға берген батасы Толысбай ағайын туысты жинап, ақыл-кеңес құрады. Жабай руынан Өтеұлы Сайдалы биді, Күржіұлы Өтжанды алдыртады. Сайдалы би елге беделді, өзі де өңді, келісті, келбетті шешен болған. Сайдалы бидің қыстауы Ұлытаудағы бұрынғы «Алғабас» совхозының орталығынан 25 шақырым жердегі «Қызыл үйде» медресе мен үйінің орны сақталған. Сайдалы биге Бұзау жиен: Дәм желініп біткен соң, кеңес құрады. – Мына жиенің, бір үлкен іске талаптанып жатыр, не дейсіздер? - дейді Толысбай. Содан бәрі ақылдаса келіп, Өтжан бидің айтуымен Бұзаудың жасын 19-да деп көрсетіп, құжат дайындатады. Сайдалы би батасын береді. Бұл – 1882 жылы болған оқиға. Жұрт тарауға бейімделгенде Толысбай: - Бұзау балам, нағашыңның ат-көлігін дайында, - деп иек қағып ишара жасайды. – Мақұл, - деп Бұзау сыртқа шығып кетеді де, кермеге бір ат әкеліп байлап: Дайынбыз, - деп хабар айтады. Жұрт далаға шыққанда кермеде тұрған Толысбайдың бәйге Торысын көреді. – Оу, Бұзаужан-ау бұл емес еді ғой, - деп қалыпты баласына қабақ шытып, сонда Сайдалы би: - Оқасы жоқ, «ниет қабыл» деген. «Ал мынау Толысбайдың бәйгеге шауып жүрген аты ғой, өзі-ақ мінсін. Бұзаужан ниетін қабыл, қадамың құтты болсын, әмин», - деп риза болыпты. Нағашысының батасы қабыл болып, Бұзау ұзын-ырғасы 30 жылдан астам болыс болып, елге қызмет етіпті.«Жыр тұйғыны» Тағанбай қажы Құлманұлы А 2001ж

БҰЗАУДЫҢ КЕРІМБАЙҒА БЕРГЕН СЫЙ-СИАПАТЫ Ташкент базарынан елге қажетті дүние-мүлік алып келе жатып, Әулиеатадағы Керімбай болыстың Ақсарай атты керен сарайына тоқтаған біздің елдің жігіттері керуен сарайда бойы екі метрдей, сақалы белуарға түскен, ақ сазандай реңді Керімбай болысты көрген ауыл жігіттерінің бірі «нағыз маңғаз төбет екен» деп бірнеше рет қайталап айтып қалады. Бұл сөз Керімбай жағының жігіттеріне жетеді. Мына сөз шамбайына батқан Керімбай болыстың жігіттері керен түйелерін жүктерімен алып қалып, әдепсіз екі жігітті бір атқа міңгестіріп елге қайтарады. Бұл жағдайды естіген Бұзау болыс аылдың ақсақалдарын жинайды. Сабыр, сабыр, -деді Бұза оң қолын көтеріп, текке шласпалық. Мен білетін Керімбай болса біздің керенге тектен –тек тимеген шығар. «Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр»-деген. «Суайттың бәрі сырғақ, сырғақтың сөзі бір қап». Сендер щыңдарынды, болған жайды дәлме-дәл баяндандар!-дейді. Келген екі жігіт болған жайды толық баяндайды. Жағдайдың ақ-қарасына әбден қаныққан Бұзау болыс: -«Жақсы сөз тасты жібітер, жаман сөз басты шірітер», леп үнсіз қалады. Оның бұл үнсіздігін ешкім бұза алмады. Болыс сол ойланған қалпы көп отырды. Ақыры бір шешімге келген секілді. Үстіндегі жамылып отырған жібек шапанын серпіп тастады да: - Уа, жұртым, - деп дауысын кенеп алды да сөйлеп кетті. –Адам пенде. Ағаштың көркі жеміс болса, адамның көркі –жақсы іс. Инабатты болса-әйел, өнегелі болса-бала көрікті. Өзіңнің бағаңды біл. Ешкімді басыңба, басындырма. Шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес, еңкейгенге еңкей, ол –әкеңнің құлы емес. Аяқтың астында жатсаң басың аман қалады. Бірақ жаның арыңның садақасы емес пе! Ойлан! Қиын істе сыналған ерді тыңда. Ашу қысса-аузыңды жап. Біз де ашуды ақылға жеңдірейік. Бұл істі Керекеңнің білмеі де мүмкін. Намыстың отына жанған жігіттерінің ісі болса керек. Бірақ, болр іс болды, бояуы сіңді. Енді оның арты үлкен дауға айналып кетпеуін ойлайық. Ежелден іргелес қонған ағайын елдің, басымыз төсекте, малымыз төскейде қосылып жатқан жоқ па?! «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» деген. Осында барлық игі жақсылар мен ақсақалдар жиналып отырсыздар. Біз тез арада Керімбай болыстың ауылына аттанамыз. Оспадар жігіттеріміздің айтқан сөздері үшін кешірім сұраймыз, ат-шапан айыбымызды ала барамыз. Байлам осы-деп шешім айтады. Көп ұзамай Бұзау болыс Керімбай болыстың ауылына барып, жігіттерінің істеген қылықтарына кешірім сұрап, ат-шапан айыбын беріп, достасып, керуенді түгел қайтарып алады. Осы жолы Керімбай болыстың ақылы мен әділдігіне, меймандостығына, адамгершілігіне риза болған Бұзау болыс оның біздің елге келіп қонақ болып кетуін өтінеді.

Алыстан арнайы іздеп келген қонағын Бұзау өзі қарсы алып, барынша сыйлап күтеді. Бұзаумен жақын танысып, оның сый-сыяпатына разы болған Керімбай 5-6 күннен кейін еліне қайтпақ ниет білдіреді. Бұзау осы төңіректегі найманның тәуірлерін жиып алып: - Мына Керімбай бізге сәлем бергелі келіпті. Енді еліне аттанғалы отыр. Оны немен қайтарасыңдар? – деп, ортаға ой салады. Содан ру басшылары ақылдаса келіп, Керімбайдың алдына 40 қара мал салып береді. Керімбай аттанар алдында Бұзауға рахмет айтып, мұны өз еліне қонаққа шақырады. «Оны құдай біледі, жолымыз түсіп, жолаушылап бара қалсақ, көрерміз», - деген екен. Қонақтар қайтуға рұқсат сұраған кезде Бұзау болыс: - Кереке, әлі де жатып-жастанам десең ел осы. Қош демейміз –деп әлі де қонағын күтуге даяр екендігін білдіреді. Керімбай болыс та елдің қонақжайлылығы үшін рахметін айтып: - «Кел демек бар, кет демек жоқ» деген ғой. Алайда аттанардың алдында айтарым, барында аз ғұмырды бағалай білмей қалмайық. Екі жақ құдандалы боп жатса, келіс-барысымыз да жиілер» дегенді айтады. Сонда Бұзау болыс тұрып: Кереке, бұл сөзіне әбден қосыламын. Ал аттанар алдында айып болмаса өзіңе бір-екі сұрақ қойсам деп отырмын. Оның бірі араларыңда қожа-молда бар ма? Мен көре алмадым-дегенде, Керімбай болыс: Жоқ Бұзау-деп жауап беріпті. Сонда Бұзау болыс: - Онда, Кереке, өлімнен қауіпің жоқ екен ғой- деген екен. Екінші сұрағында Бұзау болыс Керімбай болыстан: «Орысша оқыған балаң бар ма?»-деп сұрайды. Керімбай болыс тағы да «Жоқ» - деп жауап береді. Сонда Бұзау болыс тұрып: «Онда келешекте ел билейтін ұрпағым болсын деген ойың жоқ екен ғой, Кереке»- деген екен А.Ормантай «Керімбай болыс», 213 бет. Еліне жеткен Керімбай Бұзаудың сый-сыяпатын ауыл ақсақалдарына жеткізеді. Сонда олар «Егер Бұзау жолы түсіп, саған келе қалса, сен бір қараңды да қимас едің. Бұзау болысты шынында сенімен салыстыруға болмайды екен», - депті...

БҰЗАУ БОЛЫСТЫҢ АРҒЫНДАРДЫ ТҮРМЕДЕН АЛЫП ШЫҒУЫ Көкшетау уезінде болыс сайланарда үлкен лау-жанжал, талас болады. Нәтижесінде 5 адам Атбасардың түрмесіне түседі. Арғындар сол адамдарын түрмеден кепілдікке шығарып алатын адам іздеп, біраз жерді шарлайды. Олар ел арасында Бұзаудың есімін көп естіп, Шу жеріне бет бұрады. Келген адамдарға Бұзау қонақасын беріп қарсы алып, әңгімелерін мұқият тыңдайды. «Бір күннен соң қайтып оралыңдар, жауабын сонда беремін», - деп қоя береді. Істің ақырын созбауға бел буған Бұзау Атбасар жәрмеңкесінде жүрген шағырларды шақыртып, шабарман жібереді. Елдің ауызы дуалы ақсақалдарды, билері бас қосқан жерде болыс арғындардың жаңағы шаруасын ортаға салады. Шағырлар теріс мінез танытып: «Сен үшін біздің күйер жәйіміз жоқ», - деп ат-тонын ала қашады. Жиын тарқасымен болыс Жібектен туған бел баласы Ыбыраймен ақылдасады. «Балам, жас болсаң да сен менің бір тірегімсің ғой. Әкеңе ақыл қос», - дейді. Бала әкесінің шешіміне қарсы еместігің білдіреді. Арада зымырап күндер өтіп, жылға жақындайды. Өткенде келісімін бермеген ел ағалары: «Көкшетаудан адам келуші ме еді, еңбегің еш болады», - деп Бұзауды мазақ қылады. Бір күні Бетпақдаладан бес аттылы құлап, сыртта жүрген болыстың жылқышыларына жолығып: «Бұзау болысты іздеп, сәлем бергелі Көкшетаудан келеміз», - деп жөндерін айтады. Жылқышы жігіттер болса бұл хабарды болысқа жеткізіп, сүйінші сұрайды. Болыс сол жылы Шудағы екі қабатты үйінде қыстап отыр екен. Ол келген қонақтарын күтіп алып, шағырдың тәуірлерін шақыртуға адам жіберіп, бәрін жинап алады. Ол соғымға сойылған 60 жылқының етінен қонақтарға ас беріп, дастарқан жиыла әңгімесін бастапты: - Мына жігіттер бізден көмек күтіп, қолдарын жая келгенде, теріс қарадыңдар. «Не көрсе де өзің көр», - деп мені жалғыз қалдырдыңдар, бүгін міне сол ісіме алғыс айтып, бұлардың маған әкелген азын-аулақ сый-сыяпаты бар көрінеді. Соны сендерге сыйлағалы отырмын. Таңдағандарынды алыңдар, - деп бәйбішесі Жібекке белгі береді. Орам-орам мата, кілем, ішік, шекпен және басқа да жиһаздар бөлменің ортасына үйіледі. Бұған қосымша бір жүйрік арғымағы тағы бар екен. Ұзындығы соншалық – болыстың екі қабат үйінің қабырғасына ілгенде еденге тиіп тұратын ішік Мақат биге тиеді. Мақат – басына мол мал біткен, шағыр руының беделді адамдарының бірі болған. Басқалары да қолдарына тигенін алып, бұрынғы әбестігі үшін кешірім өтініп тарқасыпты. Болыс арғындарды екі-үш күндей қонақ етіп, жолға шығарып салады.

БҰЗАУ БОЛЫСТЫҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ