Мұрат Ахметұлы Жанұзақов (1955 наурыздың 23-інде Павлодар қаласында туған) – медицина ғылымдарының докторы (2005), професор (2007), Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006).
Қысқаша өмірбаяны
1978 - Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы); 1987 - Мәскеудің 1-медицина институтының аспирантурасын бітірген. 1978–83 - Павлодар облысы Павлодар ауданы Чернорецк ауылында терапевт-дәрігер; 1987–90 - Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ассистент; 1990–2005 - курс жетекшісі, доцент қызметтерін атқарды. 2007 жылдан - кафедра меңгерушісі.
«Диабетическая нефропатия: распространенность, ранняя диагностика, профилактика и лечение» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Мұрат Ахметұлы Жанұзақов 80-нен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы, 4 өнертабыс патенті бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:1955 жылы туғандар
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан дәрігерлері