Мұнай қалыптасуының басты фазасы. Шөгінді таужыныстардағы шашыранды органикалық заттар есебінен мұнай көмірсутектерінің ең қарқынды қалыптасу сатысы. Бұл процесс протокатогенездің соңғы - мезокатагенездің алғашқы сәттерінде температура мөлшері 80-90°С- пен 150-170°С аралығында болған жағдайда аталған органикалық заттардың термикалық деструкцияға ұшырауы салдарынан жүзеге асады. Мұнай қалыптасуының басты фазасы микромұнайдың түпнегіз таужыныстардан жинауыш таужыныстарға қарай жаппай жылыстауымен сипатталады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ