Жерасты суларының сорғу алқабы - сорғу процесінің сулы тау жыныстарына әсер ету алқабы.
Шектеусырттық алқап - өнімді қойнауқат түгелімен қойнауқаттық сумен қаныққан, жатын шекарасынан сырт орналасқан белдем.
Сіңбелену алқабы - сулы тау жыныстары таралуы ауқымының беткей сулары мен атмосфералық сулардың сүзбелене сіңбелену процесін жүзеге асыруға қабілетті бөлігі.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ