Гипс-доломит. Негізінен алғанда доломит және гипс минералдарынан тұратын шөгінді (тұнба) тау жынысы. Құрамындағы доломит мөлшері гипске қарағанда көбірек. Әдетте ангидрит-доломиттердің гидраттануы нәтижесінде қалыптасады. Доломит пен гипстің бірлесе отырып тұнбаға түсуі, немесе доломитті түзілімдердің гипстенуі салдарынан да түзілуі ықтимал.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ