Жылқыбай БейісовҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 - кен-металлургия ісінің шебері, Социалистік Еңбек Ері (1960). 1925 жылы Қарағанды облысында туған
Еңбек жолы мен жетістігі 1941 жылы Қарсақбай фабрикалық зауыт мектебін бітірді. 1942-1958 жылдан бастап Балқаш мыс қорыту зауыты классификациялаушы, фабриканың ауысым мастері, ауысым бастығы болды. 1958 жылы Балқашта алғашқылар қатарында Бейісов басқарған комсомол жастар ауысымы Бүкілодақтық жарысқа қатысып, өндірістік үздік көрсеткіші үшін «Коммунистік еңбек ауысымы» деген атаққа ие болды. 1960 жылы еңбек озаттарының Мәскеуде өткен слетіне қатысты. Бейісов 1970-жылдары республикадағы тәлімгерлік қозғалыстын бастаушыларының бірі. Балқаш кен-металлургия комбинатында жастардың тәлімгерлік кеңесін басқарды. 1972 жылдан Саяқ кен-байыту фабрикасының бастығы болды.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1960)
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы Санат:Социалистік еңбек ерлері