Карбоидтар - Мұнай шендестері мен мұнайтектерге қарасты шайыртасты-шайырлы құрамбөліктердің хлороформ мен соған ұқсас еріткіштерде ерімейтін фракциялары. Тығыз молекулалық құрылыммен сипатталатын, байырғы көмірлерге ұқсас қатты заттар. Кериттердегі, әсіресе антраксолиттегі органикалық заттардың басым көпшілігін осы карбоидтар құрайды.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0

Дереккөздер



Санат:Геология Санат:Мұнай және газ