Бағлан Қабдікәрімұлы Ыдрысов (13 сәуір, 1959 жыл, Алматы қаласында туған) - ҚР-ның Сумо күресі ассоциациясының президенті. Азиялық сумо федерациясының вице-президенті. Халықаралық сумо федерациясының вице-президенті. Сумо бойынша ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1999).
Өмірбаяны Алматы педагогикалық шетел тілдері институтын (1980) ≪Ағылшын тілі мен әдебиеті≫ мамандығы бойынша; С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1991) журналист мамандығы бойынша бітірген. ≪Күн күлгенде≫ жинағының авторы (1993). Қазақ, орыс, ағылшын және жапон (ауызекі) тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1983-1991). 1982 жылдан - Қазақтың шөл елдермен достық және мәдени байланыстар қоғамының рөдакторы. 1987 жылдан - Қазақ авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары. 1992-1994 жылдары - ҚР Үлттық олимпиада комитетінің атқарушы директоры. 1996 жылдан - ҚР-ның Сумо күресі ассоциациясының президенті. Азиялық сумо федерациясының вице-президенті. Халықаралық сумо федерациясының вице-президенті. Сумо бойынша ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1999).
Отбасы Әкесі - Ыдрысов Қабдікәрім, марқұм. Анасы - Ыдрысова Бәтіш Ақанқызы, марқұм. Үйленген. Жүбайы - Ыдрысова Жанат Тұрапқызы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияда жұмыс істейді. Екі қызы және немересі бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:13 сәуірде туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Алматы педагогикалық шетел тілдері институты түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақстан сумошылары