Шәміл Сыздықұлы Жүніс (1940 жылы 30 қаңтарда Ресей, Челябі облысы, Бреды станциясы - 2013 жылы 29 қыркүйекте Астанада) — актер. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының негізін қалаушы актері.

Толығырақ Шәміл Сыздықұлы 1940 жылы 30 қаңтарда Ресей, Челябі облысы, Бреды станциясында дүниеге келген. 1958 - 1960 жылдары Алматы қаласындағы Академиялық қазақ драма театрының драма студиясын бітіріп, театр актері мамандығын алды. 1960 - 1990 жылдары Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қарағанды қаласындағы С. Сейфуллин атындағы қазақ театрында отыз жыл қызмет жасады. 1990 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрын ашуға шақырту алады. 1990 - 2013 жылдары Осы театрда еңбек етті. 2013 жылы 29 қыркүйекте Астанада қайтыс болды.

Сахнадағы негізгі рөлдері М. Әуезов «Түнгі сарын» – Кәрім, «Абай» – Мағауия, Сырттан, «Еңлік Кебек» – Абыз, Қараменде «Айман Шолпан» – Жарас, «Қарагөз» – Жарлығап, Дулат, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» –Қарабай, Жантық, «Қыз Жібек» – Базарбай, «Ұлпан» – Мүсіреп, «Амангелді» – Мұңайтпас, «Ақан Сері-Ақтоқты» – Науан, У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Ромео, Капуллети, Ш. Құсайынов «Алдар Көсе» – Алдар, Шығайхан, С. Жүнісов «Қызым саған айтам» – Құмар, «Жаралы гүлдер» – Баттал, Ш. Айтматов «Ана-Жер ана» – пошташы, «Ғасырдан да ұзақ күн» – ревизор, І. Жансүгіров, С. Назарбекұлы «Махамбет» – Шонты би, Қ. Ысқақов «Шырғалаң» – Бахтияр, С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Әбутәліп, Н.В. Гоголь «Үйлену» – Кочкарев, Островский «Найзағай» – Кулибин, Тихин, Қ. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Сайлаубек, «Құдағи келіпті» – Дауылбай, «Жат елде» – Асан, Ә. Тәжібаев «Жалғыз ағаш орман емес» – Айдабол, «Майра» – Дүрбіт, А. Дударев «Кеш», т.б. спектакльдерді сахна төріне шығарып көрермендер ризашылығына бөленді.

Марапаттары 1967 жылы Қазақстан республикалық театрлар фестивалінің лауреаты, «Амангелді» спектакліндегі Мұңайтпас рөлі үшін І-ші дәрежелі дипломанты атанды. 1958 жылдан Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі. 1982 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі құрметті атағымен марапатталған. 1986 жылы КСРОның "Еңбек ардагер" медалі 1987 жылы Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасына» ие болды. 1996 жылы Түркі тілдес елдердің ІІ Халықаралық фестивалінің лауреат-дипломанты ретінде марапаталды. 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалімен марапатталған.

Жеке қасиеттері Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның өркендеуіне сенем». Хоббиі - шахмат, көркем әдебиеттер оқу, драмалық пьесаларды орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

Жеке өмірі Үйленген. Жұбайы -Жақсылықова Галина Давыдқызы, зей- неткер. Ұлдары - Жүнісов Ардақ (1960 жылы туған), құрылысшы; Жүнісов Айдар (1962 жылы туған), құрылысшы; Жүнісов Берік (1967 жылы туған), қалабезендіру суретшісі; қызы - Жүніс Сәния (1984 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры тұлғалары Санат:Астанада қайтыс болғандар