Александр Афанасьевич Федянин (25 ақпан 1947 жыл Қарағанды қаласы) - әнші.
Орыс. Әкесі - Федянин Афанасий Ильич, марқұм. Анасы -Бухарина Мария Семеновна, марқұм.
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының оркестр факультетін бітірген (1970), оркестрдің солисі, оқытушы. «Қазақ базарлығы», «Вариациялы қазақ тақырыбы», «Ыбырай әні», «Испан рапсодиясы», «Сентименталды вальс», «Фанфаралар және марш», «Фугетта», «Ноктюрн», «Религиозо», «Романс», «Ақ Жайық» музыкалық шығармаларының авторы. «Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың басты нысаны», «Ғ. Жұбанованың «Жігер» симфониясының мифологиялық тамырлары», «С. Прокофьевтің 8-ші сонатасы поэтикасының негізіндегі ритуал» мақалаларының авторы. Орыс, қазақ (сөздікпен) және неміс тілдерін біледі. 1969 жылдан - Мемлекеттік симфониялық оркестрдің тромбондар тобының концертмейстері. 1975 жылдан - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы. 1994 жылдан бері - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында оркестр аспаптары кафедрасының оқытушысы, профессор (2003 жылдан). «Алматы тромбондары» квартетінің жетекшісі.
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2001).
Халықаралық конкурстың лауреаты (1992).
Мәдениет қайраткері (2000).
Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2003).
Тұл ер. Жұбайы - Сатылғанова Л.Д., марқұм. Ұлы - Федянин Сергей Александрович; қызы - Федянина Мария Александровна.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:25 ақпанда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы профессорлары Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері