Алексей Геннадьевич Ни (24.07.1961, Таразда туған) - ауыр атлетикадан жаттықтырушы. Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Корей.
Білімі Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын (1983), инженер-гидротехник; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының жаттықтырушы факультетін бітірген (1989), ауыр атлетикадан жаттықтырушы.
Еңбек жолы 1984 жылдан - Жамбыл қаласы БЖСМ ауыр атлетикадан жаттықтырушы. 1986 жылдан - Алматы қаласы «Буревестник» ЕСҚ ауыр атлетикадан жаттықтырушы. 1988 жылдан - Алматы қаласы АСК-12 ауыр атлетикадан жаттықтырушы. 1990 жылдан - ауыр атлетикадан ҚР жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы. 1994 жылдан бері - ауыр атлетикадан ҚР командасының бас жаттықтырушысы.
Жетістіктері Халықаралық санаттағы 2 спорт шеберін; 9 спорт шеберін; олимпиада чемпионы Илья Ильинді; Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Филимонов Сөргейді, Некрасова Иринаны, Важенина Апланы, Грабовецкая Марияны; әлем чемпиондары Владимир Седовты, Светлана Подобедованы тәрбиелеген.
Марапаттары Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Әскери шені Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Отбасы Әкесі - Ни Геннадий Николаевич, марқұм, экономист болып жұмыс істеген. Анасы - Цхай Галина Ефремовна, зейнеткер, математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Ни Ирина Владимировна, концертмейстер. Ұлы - Ни Владимир Алексеевич; қызы - Ни Татьяна АлексеевнаҚазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан корейлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Тараз мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан Ұлттық ауыр атлетика құрамасының бас жаттықтырушылары Санат:Қазақстан аға лейтенанттары