Ботақара — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы — Ботақара (бұрынғы -Ульянов) кентінен солтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде, Ботақара көлінің батыс жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен807 890 898 100,9 443 449 101,4 447 449 100,4
Тарихы Іргесі 1972 жылы қаланған. Бұрынғы құс өсіру кеңшары негізінде Ботақарада өндірістік кооператив, шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Ауылда мектеп, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, аурухана, балабақша, клуб бар. Тұрғындары өзге елді мекендермен автомобиль жолы арқылы байланысқан.Қазақ энциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері