Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев (1970 жылы 10 қазанда Маңғышлақ облысы Ералы ауданының Ералы кентінде туған) - мемлекеттік қайраткер.
Өмірбаяны Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1992) химик-дәріскер мамандығы бойынша; Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін (2006) экономист мамандығы бойынша үздік бітірген. Дарынды балалар мәселелері, білім беру жүйесін басқарудың нысандары, қазақ тілін оқытатын мектептердің мәселелері бойынша 4 мақаланың авторы. 1987 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1992 жылдан - «Қаражанбас- мұнай» ААҚ инженері (Ақтау қ.). 1993 жылдан - Ақтау қалалық политехникалық колледжінің дәріскері. 1995 жылдан - ҚР Қарулы Күштерінде қызметте. 1997 жылдан - №5 ОМ биология мүғалімі (Ақтау қ.). 1997 жылдың желтоқсанынан - Маңғыстау облыстық білім беру басқармасының жетекші маманы. 2000 жылдан - облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры (Ақтау қ.). 2004 жылдан - Маңғыстау облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары, бастығы м.а. 2005 жылдың қаңтарынан - Маңғыстау облыстық Білім беру департаменті директорының м.а., 2005 жылдың маусымынан - директорының орынбасары. 2005 жылдың қазанынан - Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2006 жылдан - Маңғыстау облыстық Білім беру департаменті директорының міндетін уақытша атқарушы, департамент директорының орынбасары, директоры. 2008 жылдан - Маңғыстау облыстық Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. 2010 жылдың сәуірінен бері - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
Жеке өмірі Ұлты - Қазақ. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. Хоббиі - спорт, музыка, поэзия. Сүйіп оқитын әдебиеті - шытырман оқиғалы романдар, тарихи повестер, ойшылдардың философиялық толғамдары. Әкесі - Жұмашев Бекболат, зейнеткер, инженер-механик болған. Анасы - Есдәулетова Дилан, зейнеткер, медбике болған. Үйленген. Жұбайы - Байноверова Ардақ Ғабдоллақызы (1971 жылы туған).Ұлдары - Бекболатов Есенәлі Қаныбекұлы (1992 жылы туған), Бекболат Әлисұлтан Қаныбекұлы (2010 жылы туған), Бекболат Әлинұр Қаныбекұлы (2010 жылы туған); қызы - Бекболатова Аида Қаныбекқызы (2000 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Жетістіктері ҚР білім беру ісінің үздігі (2006). Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Т. Рысқұлов.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері