Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев - 1956 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Исатай ауданының Қобыланды ауылында туған. Қазақ. Анасы - Жұмағазиева Сахан, зейнеткер. Хронологиясы Алматы мал дәрігерлік институтының мал дәрігерлік факультетін (1980) зооинженер мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы және несие» факультетін (2004) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан). 1980 жылдың қарашасынан - Ақтөбе облысы Қобда ауданының «Қобда» кеңшары №1 бөлімшесінің зоотехнигі; 1981 жылдың қазанынан - сұрыптаушы-зоотехнигі; 1982 жылдың желтоқсанынан - кеңшардың бас зоотехнигі. 1985 жылдың қыркүйегінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданының Ильич атындағы ұжымшарының партком хатшысы. 1990 жылдың ақпанынан - Қазақстан КП Қобда аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдың сәуірінен - Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары. 1994 жылдың ақпанынан - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Орақ пен балға» ұжымшары басқармасының төрағасы. 1996 жылдың қаңтарынан - Ақтөбе облысы Исатай ауданының әкімі. 1997 жылдың сәуірінен - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі. 2006 жылдың шілдесінен - Ақтөбе облыстық жолаушылар тасымалдау және автокөлік жолдары басқармасының бастығы. 2007 жылдың наурызынан - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі. 2010 жылдың сәуірінен - Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі. 2011 жылдан бері - Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық бөлімшесі Ойыл бөлімшесінің төрағасы (2010 жылдан). Жетістіктері «Астана» (1989), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2006) медальдарымен марапатталған. Ақтөбе облысының Жыл адамы (2004). Қобда ауданының Құрметті азаматы (2009).

Әскери атағы - запастағы майор. Діни көзқарасы - «Барлық заңды діни көзқарастарға құрметпен қараймын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тәуелсіз, өркендеуші, саяси тұрақты Қазақстан». Хоббиі - аңшылық, балық аулау, спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи-танымдық шығармалар. Үйленген. Жұбайы - Жұмағазиева Ләззат Әбдіқапарқызы, Ш. Бекмұхамбетова атындағы Ойыл ОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Қызы - Жұмағазиева Гүлмира Мұхтарқызы; ұлы - Жұмағазиев Әліби Мұхтарұлы. Немерелері - Аслан, Асанәлі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар