Жанпейіс Нұрмаханбетұлы Қобланов - 1959 жылы 11 ақпанда Түркістан облысы Түлкібас ауданы Мақталы ауылында туған. Педагогика ғылымдарының кандидаты (1998).
Әкесі - Қобланов Нұрмаханбет (1911-1993). Анасы - Қобланова Хадиша Асанбайқызы (1925-1993).
Өмірбаяны Шымкент педагогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін (1984), дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі; Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қаржы және несие факультетін бітірген (2003), экономист-қаржыгер. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің танымдық қызметтерін белсенді ету». Халықаралық психология ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (2000 жылдан). М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры (2001 жылдан). 1984 жылдан - Шымкент дене тәрбиесі техникумының дене тәрбиесі мұғалімі, күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары. 1991 жылдан - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінің деканы. 2003 жылдан - «Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығы» РМҚК директоры. 2006 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру институтының директоры.
Еңбектері «Спорт әлемінің тарихы мен түсіндірме сөздігі» (Шымкент қаласы, 1999) «Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы» (Алматы қаласы, 2002) «Спорттық қызметтерді психологиялық қамтамасыздандыру» (Шымкент қаласы, 2004) кітаптарының; «Сутденттердің танымдық әрекеттерін үдету» монографиясының (Шымкент қаласы, 1998); 70-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
Марапаттары ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1998). ҚР Білім беру ісінің үздігі (1998). ҚР спортының құрметті қайраткері (2003). ҚР БҒМ ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2008). ОҚО Түлкібас ауданының Құрметті азаматы. ҚазКСР спорт шебері (1982). Ы. Алтынсарин атындағы (2006) «Астанаға 10 жыл» (2008) медалі «Қазақ күресін дамытуға зор үлес қосқан үшін» Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының құрмет медалімен (2010); «ҚР дене тәрбиесі және спортын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (1997); ҚР БҒМ, ҚР ҰОК Құрмет грамотасы
Жеке қасиеттері Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің дамыған 50 елі қатарындағы мемлекет». Хоббиі - әдеби шығармаларды оқу, классикалық музыкаларды тыңдау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Отбасы Үйленген. Жұбайы - Қобланова Сәуле Сағындыққызы (1961 жылы туған). ұлдары - Ержан (1985 жылы туған), Жандос (1988 жылы туған), Нұржан (2000 жылы туған). Немересі - Аделина (2008 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Түлкібас ауданында туғандар