Тайатқан – Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде , Киікті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км жерде. Солтүстік-батыстан онтүстік-шығыска қарай 15 км-ге созылған, ені 3 - 4 км. Абсолюттік биіктігі 994 м.
Жер бедері Сай, шатқалдармен тілімделген бірнеше ұсақ шоқылықтан тұрады, солтүстік беткейінде мол қорымтас үйінділері бар.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің төмендегі және ортаңғы бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамьлғысында жусан, сұлыбас, боз, бұталар өседі. Бұлаққа бай, ірісі — Табақ. Атырабы мал жайылымы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары