Аңсары Қаранейұлы Қаранеев - 1963 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы Шу қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Бекбосынов Қараней. Анасы - Кенжалинова Әсия Мәдиқызы.

Семей жүн-тері техникумын (1982), мал шаруашылығы өнімдерінің тауартанушысы; Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (1990), былғары-жүн бұйымдарының инженер-технологы; Қ.А. Иассауи атындағы Тараз мемлекеттік заң университетінің заң факультетін (2007) бітірген, заңгер.

Орыс, қазақ, түрік және ағылшын тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі.

1992 жылдан - жеке кәсіпкер. 2000 жылдан - «ҚР Бильярд спорты федерациясы» АҚҰ президенті. Пирамидадан халықаралық комитеттің вице-президенті, Пирамидадан азиялық комитет президенті. 3 мәрте әлем чемпионы, Азия, Еуропа чемпионы Танабек Сағындықовты; әлем, Азия, Еуропа чемпионы Қаранеев Әлиханды; әлем чемпиондары Әуез Елубаев және Ернар Шымбаевды; күміс жүлдегер, әлем чемпионы Эмил Мударисовті тәрбиелеген. ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері. Бильярд спортынан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Шу қаласының Құрметті азаматы. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған (2008). Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жақсы, болашақта Қазақстанның барлық ұлт азаматтарының «құқығы сақталатын экономикалық және саяси дамыған мемлекет болуға анық мүмкіндігі бар». Хоббиі - футбол, күрес, бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, О. Хайям.

Үйленген. Жұбайы - Қаранеева Шолпан Байділдақызы (1965 жылы туған), әкімшілік директоры. Ұлдары - Қаранеев Әлихан (1990 жылы туған), Қаранеев Абылайхан (1994 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1963 жылы туғандар Санат:Шуда (Қазақстан) туғандар Санат:Қазақстан бильярдшылары Санат:Қазақстан жаттықтырушылары Санат:Қазақстан спорт қайраткерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері