Рахымбек Омарұлы Төлендинов 1950 жылы 10 наурызда Алматы облысының Үштөбе қаласында туған. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1972), спорттық гимнастика бойынша жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі. КОКП (1977), Қазақстан Компартиясының (1991 жылдан) мүшесі. 1972 жылдан - Алматы облысы Қаратал аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы, оқу ісінің меңгерушісі, 1977 жылдан - мектеп директоры. 1987 жылдан - Алматы облысы Қаратал білім беру бөлімінің меңгерушісі. 1989 жылдан - Алматы облысы Қаратал аудандық партия комитетінің идеологиялық жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. 1991 жылдан - Апматы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектебінің директоры. 2010 жылдан бері - Талдықорған қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры. Алматы облысы Қаратал аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1987-1991). Ауыр атлетика бойынша Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Филимонов Сергейді; Әлем кубогының бокс бойынша күміс жүлдегері Қанатов Төленді; Әлем кубогының бокс бойынша қола жүлдегері Айырмасов Мүратты тәрбиелеп шығарған. ≪Дарын≫ республикалық ғылыми-тәжірибелік сайысының жеңімпазы (1998). ҚР Білім беру саласының озаты (1992). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2004). ≪Ерен еңбегі үшін≫ медалімен (2008), ҚР Президентінің құрмет грамотасымен (2001) марапатталған Дереккөздер

Санат:Қазақстан жаттықтырушылары