Тұрсынбек Әбдібайұлы Нұрқалиев (22 шілде 1950, Қаскелең, Алматы облысы — 16 ақпан 2022Танымал балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиев қайтыс болды. aikyn.kz) — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» балет труппасының директоры.

1950 жылы 22 шілдеде Алматы облысының Қаскелең қаласында туған. Қазақ. Әкесі — Нұрқалиев Әбдібай. Анасы — Нұрқалиева Сейсеп. Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесін (1970) балет әртісі; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Балетмейстерлік шеберлік» факультетін (2002) режиссер-хореограф мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан). 1970 жылдан — Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры балетінің жеке орындаушысы. 2000 жылдан бері — К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының бас балетмейстері. Діни көзқарасы — мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — М. Ганди, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Қазақстанның әлемдік қауымдастық көшбасшыларының қатарына жылжуы». Хоббиі — шығыс жекпе-жегі. Сүйіп оқитын әдебиеті — классикалық әдебиет, фантастика, қазақ тарихы, өнер тарихы, детективтер. Үйленген. Жұбайы — Бөрібаева Ғалия Исмаилқызы (1950 ж. т.), К. Байсейітова ұлттық опера және балет театрының балет труппасының меңгерушісі. Қызы — Нұрқалиева Жәмиля Тұрсынбекқызы (1978 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан балетмейстерлері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры тұлғалары