Райымбек Әбулақап (1923 жылы туған), ақын, филология ғылымдарының кандидаты. Ұлытау ауданының түлегі.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген (1958). 1958-1963 ж. Ұлытау ауданының «Шеңбер» кеңшарында, Жезқазған кенішінде, №22 кәсіптік училищеде мұғалім, тәрбиеші-оқытушы болды. ҚазМУ-дің аспирантурасына түсіп (1963), «Жұмысшы табы қазақ кеңес поэзиясында» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1966). 1966-1986 ж. Ташкент педогогика институтында оқытушы, Қаз КСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚазМУ-дің журналистика факультетінің доценті.

100-ден астам зерттеулер мен сын мақалалардың (оның ішінде 2 монография) авторы. Жез қазғандар» (1961), «Тау ұлы» (1963), «Жездария» (1969), «Құрыш білек» (1975), «Құштар көңіл» (1983), «Жұлдыздарым» (1989), «Кешіккен махаббат» (таңдамалы, 1991), «Арман махаббат» (Таңдамалы, 1995) жыр жинақтарының авторы.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:1923 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан филологтары