Шәріпжан Заханұлы Ескендіров (1946 жыл, Түркістан облысы, Шымкент) – химия ғылымдарының докторы (1979).
Өмірбаяны 1968 жылы Қазақ химия-технология институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітіреді. 1968-72 жж. Қазақ химия-технология институтында оқытушы 1972-1975 жж. Мәскеу химия-технология институтының аспирантурасында оқыған. 1976-1983 жж. – Қазақ химия-технология институтының механикалық факультетінің деканы, доцент. 1983-1991 жж. – Қазақ химия-технология институтының "Басқару жүйесін автоматтандыру" кафедрасының меңгерушісі 1991-1992 жж. – "Органикалық химия жәнее кибернетика" факультетінің деканы. 1992-1997 жж. – "Жүйелерді автоматтандыру және есептеу машиналары" кафедрасының меңгерушісі. 1997-2000 жж. – "Ақпараттық технология және жүйелерді автоматтандыру" факультетивінің бірінші деканы. 2000-2002 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дамыту жөніндегі проректоры. 2002-2004 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің проректоры. 2004-2006 жж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2006-2012 жж. – "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының профессоры.
Ғылыми жұмысы Ескендіров 252 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы, 2 авторлық куәлігі бар.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Докторлық диссертация атауы: «Моделирование и проектирование жидкофазных реакторов смешения» (1995 ж.)
Жетістіктері 1997 жылы - ҚР Білім беру ісінің үздігі.Ескендиров Шарипжан Заханович
Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Шымкентте туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары