Нұрхат Саясатұлы Дүйсембаев 1970 жылы 22 қазанда Гурьев облысы Жыланды ауылында туған. Қазақ.

Өмірбаяны Гурьев политехникалық техникумын (1992), техник-мұнайшы; X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген (1997), дене тәрбиесінің мұғалімі. Қазақ, орыс және ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1992 жылдың қазан айынан - таэквондодан Атырау облыстық «№1 БЖСМ» MM жаттықтырушы-мұғалімі. 2008 жылдан бері - таэквондодан Атырау облыстық «№1 БЖСМ» MM аға жаттықтырушы.

Марапаттары Ұлттық дене тәрбиесі мен спортын дамыту орталығының төсбелгісімен; ҚР Білім беру министрлігінің құрмет қағаздарымен (2001, 2004, 2005, 2006) марапатталған. Таэквондодан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2007). Әскери атағы - запастағы старшина. Отбасы Әкесі - Дүйсембаев Саясат, зейнеткер, мөханик, гараж меңгерушісі болып жұмыс істеген. Анасы - Дүйсембаева Жаңылсын, зейнеткер, үй шаруасымен айналысқан. Үйленген. Жұбайы - Шәжімова Бибігүл. ұлы - Бекарыс (1999 жылы туған); қыздары - Томирис (2001 жылы туған), Нарғыз (2006 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер