Смағұл Сүлейменұлы Қазыбеков (1897-1938), қазақтан шыққан алғашқы агроном, биолог-генетик ғалымдардың бірі,академик Н. И. Вавиловтын шәкірті. Жезқазғанның түлегі. Мәскеудегі Тимирязев атындағы академиясын бітірген (1922). 1920 жылдар аяғында Солтүстік және Оңтүстік Америкада Н. И. Вавиловтың ботаника-агрономдық экспедициясының құрамында болған. 1925 жылы ҚазАКСР-да құрылған жершар-халкомиссариатында жұмыс істеген. 1925-1926 жылдары Англияға тәжірибе алмасу үшін барған топтың құрамында болды. 1937 жылы тұтқындалды. 1938 жылы ату жазасына кесілді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Дереккөздер
Санат:Тарих Санат:Мәдениет Санат:Тұлғалар