Мағрипа Мырзағұлқызы Қазбекова (1903, Орынбор облысы, Беляев ауданы, №2 ауыл - 1982, Балқаш) - дәрігер. қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966).
Қазақ қыздарының ішінде ең алғашқылардың бірі болып 1930 жылы Орта Азия универтінін медицина факультетін бітірді. Жұбайы Қазбеков Смағұл Ташкентте ғылыми зерттеулермен шұғылданып, сталиндік қуғынға ұшырайды. Мағрипа Мырзағұлқызы Қазбекова халық жауының әйелі ретінде тұтқындалып, «Алжир» лагеріне қамалады. Сонда жүргенде жәбір керген тағдырластарына қызмет етеді. 1943-47 жылы лагерь лазаретінің, Бадкаш лагері лазаретінің бастығы болады, 1947 жылы тұтқынның тозағынан босап, өмірінің ақырғы күндеріне дейін Балкаш қала ауруханасы жұқпалы ауру бөлімінің меңгерушісі, кейін консультант дәрігер қызметін атқарады. 1955 жылы өзі, 1957 жылы жұбайы ақталады.
Еңбек Кызыл Ту орденімен марапатталған.
Балқаш қаласында Мағрипа Мырзағұлқызы Қазбекова есімімен көше аталады. Жезқазған қаласында ерлі-зайыпты Қазбековтер көшесі бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1903 жылы туғандар Санат:Беляев ауданында (Орынбор) туғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Балқашта қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігерлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері