Бауыржан Торғайбекұлы Жанақов (5 желтоқсан, 1948 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңатұрмыс ауылы) - Зайсан ауданының әкімі (1998 - 2004), Қарғалы ауданының әкімі (2006-2007), 2007 жылдың наурызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімі.
Өмірбаяны Целиноград педагогикалық институтын (1971) физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Алматы зооветеринарлық институтын (1985) зооинженер мамандығы бойынша бітірген. 1971 жылдан -Торғай облысы Тасты ОМ оқытушысы, 1972 жылдан - оқу жөніндегі меңгерушісі. 1974 жылдан - Торғай облысы А.С. Макаренко атындағы ОМ директоры. 1977 жылдан - Торғай облысы] Родинский ОМ директоры. 1979 жылдан - Торғай кеңшар-техникумы бастауыш партия ұйымының хатшысы. 1984 жылдан - «Қайыңды» кеңшарының директоры (Торғай облысы Арқалық ауданының Шилі ауылы). 1986 жылдан - Торғай облысы Арқалық ААӨБ төрағасы. 1989 жылдан - Торғай кеңшар-техникумының директоры. 1993 жылдан - Семей облыстық әкімшілігінің ұйымдастыру жұмысы және жергілікті әкімшіліктер істері жөніндегі бөлімінің кеңес берушісі. 1994 жылдан - Жаңасемей аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы (Семей қаласы). 1995 жылдан - Жаңасемей аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары (Семей қаласы). 1996 жылдан - Семей облысы Жаңасемей ауданы әкімінің м.а., Семей қаласының әкімі аппаратының ауыл шаруашылығын реформалау бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдан - «Еламан» шаруа қожалығының атқарушы директоры (Семей қаласы). 1998 - 2004 жылдары - ШҚО Зайсан ауданының әкімі. 2006 жылдан - Ақмола облысы Есіл ауданының Свободное ауылындағы тәжірибе стансасының директоры; 2006 жылдан - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі. 2007 жылдың наурызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімі.
Марапаттары «Құрмет белгісі» (1981) ордені «Құрмет» (2008) ордені «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалі «Тыңға 50 жыл]» (2004) медалі ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыстардың ардагерлері одағының «Ерекше сіңірген еңбегі үшін» (2008) медалі «Астананың 10 жылдығы» (2008) медалі «1976 жылдың социалистік жарыс жеңімпазы» (1977) төсбелгісі БЛКЖО ОК «Еңбек даңқы» (1991) төсбелгісі 2-ші дәрежелі «Шекара әскерлерінің үздігі» төссбелгісі
Отбасы Әкесі - Жанақов Торғайбек, марқұм, ұжымшар жұмысшысы болған. Анасы - Дүйсенова Майра, марқұм, бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Әбішева Бижамал Баталқызы (1950 жылы туған), зейнеткер. Қызы - Жанақова Айнұр Бауыржанқызы (1977 жылы туған); Ұлы - Жанақов Ердос Бауыржанүлы (1978 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:5 желтоқсанда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Жарма ауданында туғандар Санат:Целиноград педагогикалық институты түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Зайсан ауданының әкімдері Санат:Қарғалы ауданының әкімдері Санат:Үржар ауданының әкімдері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Тыңға 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері