Манарбек Кадылқұмарұлы Сапарғалиев (19 маусым 1963, Огневка ауылы, Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері.
Өмірбаяны Алматы халық шаруашылық институтының қаржы-экономикалық факультетін (1988) экономист мамандығы бойынша; Орталық Азия университетінің құқықтану факультетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2000 жылдан). 1988 жылдан - Алматы қаласы Фрунзе ауданының Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының бас экономисі, 1989 жылдан - даму бөлімінің бастығы, 1990 жылдан - испекция бастығының орынбасары, 1991 жылдан - инспекция бастығы. 1992 жылдан - Алматы қаласындағы жинақ банкінің №6217 Фрунзе бөлімшесі бастығының орынбасары. 1996 жылдан - Алматы қаласындағы «Арал» шипажайының вице-президенті. 1997 жылдан - Алматы қаласы әкімінің аппаратында Экономика комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары. 2001 жылдан -Алматы қалалық Мемлекеттік сатып алулар департаменті директорының бірінші орынбасары. 2005 жылдан - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қала әкімі. 2007 жылдан - ҚР ТЖМ қаржы басқармасының бастығы. 2009 жылдың қаңтарынан - Алматы қаласы Бостандық ау- даны әкімінің орынбасары. 2009 жылдың қазанынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі. «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - запастағы лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік, келісім, әрбір үйдегі молшылық». Хоббиі - спорт, балық аулау, аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Сапарғалиева Сәуле Мысырқызы, же- ке кәсіпкер. Ұлы - Сапарғалиев Рүстем (1985 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
2014 жылs 12 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің келісімі бойынша «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Айыпталуы 2016 жылы Манарбек Сапарғалиевке Өскемендегі базарлардың бірінің директорынан пара алды деген айып тағылған болатын. Сот қаланың бұрынғы басшысын мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салумен жалпы режимдегі түзеу колониясына үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданында туғандар Санат:Өскемен әкімдері Санат:Риддер әкімдері Санат:Тарбағатай ауданының әкімдері