thumb|Бақыт Ахметов Бақыт Бешімбекұлы Ахметов (27 наурыз, 1979 жыл, Шымкент қаласында туған) - ауыр атлет.

Өмірбаяны Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін (2002) бітірген, заңгер; Шымкент дене тәрбиесі университетін (2008) бітірген, жаттықтырушы-мұғалім. 2008 жылдан бері - РМҚК «Олимпиадалық даярлау орталығында» ауыр атлетикадан аға жаттықтырушы (Апматы қ.).

Жетістіктері Ауыр атлетикадан ҚР бірнеше мәрте чемпионы және рекордшы; ХІ Азия ойындарының чемпионы (Пусан қ., 2002); Азия чемпионы (Алматы, 2004); Бүкіләлемдік универсиада жеңімпазы (Италия, 2003); Мәскеу халықаралық турнирінің қола жүлдегері (Мәскеу қ., 2003). ҚР Чемпионатында 96 кг салмақта 193 кг-ды жұлқи көтеруден әлемдік рекордты жаңартты (Шымкент қ., 2003). Шендері Әскери атағы - капитан. Отбасы Әкесі - Ахметов Бешімбек Сейітбекұлы, Бішкек қаласы шампан-шарап комбинаты директорының орынбасары. Анасы - Ормотоева Айнагүл Құтыманқызы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:27 наурызда туғандар Санат:1979 жылы туғандар Санат:Шымкентте туғандар Санат:Қырғыз Ұлттық Универсиеті түлектері Санат:Шымкент дене тәрбиесі университеті түлектері Санат:Қазақстан ауыр атлеттері Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ауыр атлеттері Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ту ұстаушылары Санат:Ауыр атлетикадан Азия ойындарының чемпиондары Санат:Ауыр атлетикадан Азия чемпиондары Санат:Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпиондары Санат:Әлемдік рекорд иегерлері