Ханқашты тауы – Қызылтас тау жүйесінің солтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы шекарасына таяу орналасқан. Ұзындығы мен ені 10 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері 1220 м.

Геологиялық құрылымы Кейінгі тас көмір және пермь гранитоидтарынан, делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген.

Жер бедері Өзен аңғарлары және жыра-сайлармен тілімделген. Көптеген бұлақтар бастау алады, боз, шілік өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары