Қағазбек Сәденов (1915-1994) журналист , Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің іргетасын қалаушылырдың бірі.

ҚазКСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1967). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1939-1980 ж. аралығында облыстық газетте тілші , ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, аудармашы қызметтерін атқарған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы тұлғалары Санат:1915 жылы туғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері