Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин (31 тамыз 1962 жыл, Қарағанды) — қазақстандық саясат және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты (1999) және Нұрлан Нығматулиннің бауыры.

Шыққан руы қожа.

Білімі Қарағанды кооператив институтын (1983) Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.

Еңбек жолы 1983-84 ж. Жезқазған облыстық сауда басқармасының ревизоры. 1984-1990 ж. Жезқазған асхана және рестораңдар тресінің директоры. 1990-1991 ж. облыстық сауда басқармасының сауда-саттық базасының директоры. 1991-1993 ж. «Жезқазған түсті металл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің бастығы. Балқаш қалалық сауда бөлімінің директоры. 1993-1998 ж. «Ерқанат» сауда үйінің директоры. 1998 ж. «Пульс»'' ЖШС-нің директоры.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі II-III-IV шақырылымының депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы. 2011 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Парламентінің Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.

Қоғамдық қызметі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі. Америка Құрама Штаттары Конгресімен ынтымақтастық тобының мүшесі. Әзербайжан Ұлттық Жиналысы ынтымақтастық тобының мүшесі.

Марапаттары Шапағат медалі Құрмет ордені (2006) ТМД ПАА Достастық ордені (2008) бес медальмен марапатталған.Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин

Отбасы Зайролла Гершанұлы Нығматулин — әкесі. Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин — егіздің сіңірі, бауыры.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер НЫҒМАТУЛИН ЕРЛАН ЗАЙРОЛЛАҰЛЫ

Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қарағанды экономика университеті түлектері Санат:Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университеті түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің II шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің III шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Достастық орденінің иегерлері