Казталов бөгендері — Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы жерінде Сарыөзен бойындағы бөген. Казталовка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Алғаш рет 1975 жылы Сарыөзеннің орта ағысындағы сол аңғарына салынып, іске қосылды.
Гидрологиялық сипаты Айдынның аумағы 2,1 км2, көлемі 3,5 млн. м3, суымен 3,6 мың га жер көлдетіп суландырылады. Бөген Мамаев бөгенімен каскадтар арқылы байланысқан; Бөгендердің екіншісі Сарыөзеннің орта ағысында 1977 жылы салынған. Казталовка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде орналасқан. Айдынының аумағы 2,7 км2, көлемі 7,2 млн. м3, суымен 8,6 мың га жер көлдетіп суландырылады. Бөген Варфоломеев 2-бөгенімен каскадтар арқылы байланысқан.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы гидрографиясы