Атығай Құрманбайұлы Шанин (1905-1986), өнер қайраткері, ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1967). Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан. Павлодар өңіріндегі, Қарағанды қаласы мен Қарқаралы өңіріңдегі театр өнерінің өрістеп өркендеуіне үлкен үлес қосқан. «Салтанат» ән-би ансамблінің негізін қалаушы. Көптеген драмалық шығармалардың авторы. Шанин есімі Қарқаралының халық театрына берілген.
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы Санат:Қазақстан өнер қайраткерлері