Құланөтпес — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Құлан ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде .

Тарихы Іргесі 1950 жылы қаланған. Ауыл аумағында 1954 жылы «Құланөтпес» кеңшары, 1957 жылы «Дон» кеңшары құрылды. Шаруашылық байлығы - бидай өңдеу, сүт, ет өнімдері болды. Жерінің жалпы ауданы 81,9 мың га. Кеңшар негізінде 5 шаруа қожалығы құрылған (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1055 463 304 65,7 220 164 74,5 243 140 57,6

Инфрақұрылымы Елді мекендерінде (Құланөтпес, Оразалы ауылдары) мәдениет үйі, мектеп, фельдшерлік пункт және басқа да мәдени орталықтар бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдарымен қатынасады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы елді мекендері