Салт — тұрақтылық қасиетіне ие болған мәдени іс-әрекеттер жинағы. Олар адамдардың іс-әрекет стереотиптеріне айналады, жалпылық қасиетке ие болады. Салт ғасырлар бойы тарихи негізде қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп. Салттың шектеушілік қызметі (мысалы, жыныстық бейберекеттілікті), жақындастыру қызметі (ауыз бірлікті қалыптастыру), ақпараттық қызметі бар. Салт әлеуметтік ақпараттың жиналуының, сақталуының және келер ұрпаққа жеткізілуінің өзіндік құралы. Салт - халық даналығының, жалпыға ортақ игіліктердің квинтэссенциясы.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Әдебиет Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М., Қазақ халқының салт-дәстүрлері. А„ 1994; Оразбекова К., "Иман және инабат", 1993.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мәдениеті