Аманқоңыр (2017 жылға дейін — Дальнее)Қарағанды облысының кейбір елді мекендері мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Жансары ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен солтүстік-шығысқа қарай 93 км-дей жерде.
Тарихы Іргесі 1944 жылы қаланған. 1944 жылы ауыл негізінде «Осакаров» кеңшары құрылды. Жерінің жалпы ауданы 0,1 мың га. Округте 21 шаруа қожалығы бар (2006).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен326191 144 75,4 97 69 71,1 94 75 79,8
Инфрақұрылымы Ауылдық округтің елді мекендеріңде (Дальнее, Жуантөбе, Лиманное, Қызылтас) 4 клуб, 4 ФП, 3 бастауыш және орта мектеп, кітапхана, АТС, пошта жұмыс істейді. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Осакаровка темір жол стансасы 140 км жерде орналасқан. Ауылдық округ жерінде Бұйратау ұлттық саябағы орналасқан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Осакаров ауданы елді мекендері