Қарамырза – Қарқаралы тауларының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік батысында орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12,5 км-ге созылып жатыр, ені 5 км-ге дейін жетеді. Ең биік жері 1,1 мың м.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Беткейлері жайпақ, жекелеген аңғарлармен тілімделген.
Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында боз, сұлыбас т. б. шөптер өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары