Қарақасқа — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Аршалы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2009 жылы таратылған.

Географиялық орны Аудан орталығы - Нұра кентінен 296 км оңтүстік-батысқа, Қарағанды қаласынан 520 км батысқа қарай орналасқан.

Тарихы 1950 жылы құрылған. Шаруашылық бағыты - қой және жылқы өсіру болды. Жерінің жалпы көлемі 388,8 мың га.

Халқы Тұрғыны: 0,3 мың адам (2005); 0,1 мың адам (2009).

Инфрақұрылымы Мектеп, мәдениет үйі, ФП, кітапхана және де басқа да мәдени орталықтар бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдарымен қатынасады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданының таратылған елді мекендері