Анатолий Васильевич Твердохлебов - 1954 жылы 18 сәуірде Якут АКСР Орджоникидзе ауданындағы Покровский кентінде туған. Орыс. Анасы - Твердохлебова Нина Григорьевна, марқұм, мұғалім болып жұмыс істеген. Целиноград ауыл шаруашылық институтының Қостанай филиалын бітірген (1976), мамандығы - «Агрономия», ғалым-агроном. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1976 жылдан - Қостанай облысы Фёдоров ауданының «Кеңарал» кеңшарының агроном-тұқым өсірушісі; 1977 жылдан - бөлімше агрономы. 1980 жылдан – Қазақстан Компартиясы Қостанай облысының Федоров аукомының ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы; 1985 жылдан - ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1988 жылдан – Қазақстан Компартиясы Қостанай облысының Федоров аукомының ауыл шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қостанай обкомының ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің нұсқаушысы, жауапты ұйымдастырушысы. 1991 жылдан - Қостанай облыстық Халық депутаттары кеңесінің тұрақты комиссиялар жұмысы жөніндегі бөлімінің аға кеңесшісі. 1992 жылдан – Қостанай облыстық Халық депутаттары кеңесінің тұрақты комиссиялар жүмысы жөніндегі сектор меңгерушісі. 1993 жылдан - Қостанай облыстық әкімшілік басшысы аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы. 1995 жылдан - Қостанай облыстық әкімшілік басшысы аппаратының қоғамдық-саясат бөлімінің бас маманы. 1996 жылдан - Қостанай облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі. 1997 жылдан - Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің кадрлар секторының меңгерушісі. 1997 жылдан - Қостанай облысы әкімі аппаратының ұйымдық-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан - Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары - ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2002 жылдан бері - Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы. Федоров аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1986-1988). «Құрмет» (2007) орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы капитан. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономиканы бекіту». Хоббиі - балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - фантастика. Үйленген. 2 баласы, 2 немересі бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер