Алмас Баймұқанұлы Ордабаев (19 сәуір 1938 Жаңасібір – 13 маусым 2026) — кеңестік және қазақстандық сәулетші.
Қазақ. Әкесі - Ордабаев Баймұхан, экономист, журналист қызметін атқарған. Анасы - Валитова Мунавара Гарифқызы, экономист болған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс факультетін бітірген (1962), инженер-құрылысшы. Phd (2007). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан сәулетінің ежелгіден XX ғасырдың басына дейінгі тарихы». ҚР Көркемөнер академиясының құрметті академигі. «Қазақстан XX ғасырдың басына дейінгі сәулеті тарихы», «Қазақ киіз үйі», «Қазақ таңбалары», «Қазақ оюы» атты 4 монографияның; сәулет және өнер тарихы мен теориясы, ескерткіштерді қалпына келтіру, мәдениеттану мәселелері бойынша 80 мақаланың авторы. Сәулетші ретінде 50-ден астам нысандар жобаларын даярлаған, олардың арасында «Самал» тұрғын үй ауданы, «Жаңа алаң», Ғалымдар үйі, Астана қаласындағы Саяси қуғын-сүргін қурбандарына орнатылған монумент, Аңырақай шайқасы монументі бар. Қазақстанның «Халық қаһарманы» жоғары марапатының, сонымен қатар ҚР ¥лттық Гвардиясы арнаулы үлгідегі киімінің авторы. Маңғышлақ пен Түркістанның сәулеттік ескерткіштерінде зерттеу ізденістерін жүргізген. Атқарылған дизайнерлік жобалар қатарында - ортаны жабдықтау дизайны, интерьер дизайны, кескіндік дизайн, өнеркәсіптік дизайн, жиһаз, киім дизайны, көрме дизайны жұмыстары бар. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1962 жылдан - сәулетші, аға сәулетші, жобаның бас сәулетшісі, «Казгорстройпроект» жобалау институттары шеберханасының, «Алмаатагипрогор», ҚазКСР Мәдениет министрлігінің қалпына келтіру шеберханаларының бас сәулетшісі, ҚазКСР ХШЖК бас дизайнері, ҚР Дизайнерлер одағының жобалау бөлімшелеріндегі жобалардың бас дизайнері. Қазіргі уақытта - «Қазақстан Дизайнерлер одағының» РАБ жанындағы «ДАРТ» ЖШС жобаларының бас сәулетшісі. ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Сәулетшілер ода- ғының мүшесі. ҚР Мәдениет министрлігінің Республикалық «Астана- Бәйтерек-2005» фестивалінің лауреаты. Қазақстанның Қурметті сәулетшісі. «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Төле би. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «¥дайы шаруашылық және мәдени өсу, дүниежүзінің дамушы елдерінің қатарына кіру». Сүйіп оқитын әдебиеті - Т. Манн, Дж. Руми, М. Галиб, М. Пруст. Үйленген. Жұбайы - Дауғалиева Ольга Маратқызы (1958 ж. т.), жобалау бюросының сәулетшісі. Қыздары - Стекликова Жәмила Алмасқызы (1962 ж. т.), Ордабаева Әлия Алмасқызы (1975 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Ресей қазақтары Санат:1938 жылы туғандар Санат:19 сәуірде туғандар Санат:Жаңасібірде туғандар Санат:2026 жылы қайтыс болғандар Санат:13 маусымда қайтыс болғандар