Бейбіт Ермекұлы Мұстафин - (1961 жыл 18 қаңтар Қарағанды қаласы) — кескіндемеші, мүсінші. Әкесі - Мұстафин Ермек, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды Қазақ драма театрының актері. Анасы - Мұстафина Күләш Ақышқызы, мейрамхананың аспаз-кулинары. Арғын тайпасының Қаракесек ішіндегі Қояншытағай руынан шыққанҚояншы-Дәулет-Таңай (Қояншытағай) шежіресі / Жалпы редакциясын басқарған Н. О. Дулатбеков. — Қарағанды: «Болашақ-Баспа» РББ, 2008. — 293 б.. Жезқазған педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін бітірген (1983). Көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті. Өзінің кескіндемелік шығармаларында ата-бабалардың рухани мұрасының тақырыбын ашады. Сәндік және монументалды пластикамен айналысады. Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында, Павлодар, Қарағанды қалаларында, Швейцария, Германия, Чехия, Канада, АҚШ, Ресей, Түркияның және т.б. жеке коллекцияларында сақталуда. Халықаралық, шетелдік, республикалық, облыстық көрмелердің, халықаралық симпозиумдардың қатысушысы (1985 жылдан). 1983 жылдан - Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы. 1988 жылдан - Қарағанды көркемсурет және өндірістік шеберханалардың суретшісі. 1992 жылдан - Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы. 1994 жылдан Қарағанды педагогикалық институтының, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі. Бүгінгі күні - ҚР Суретшілер одағының Қарағанды облыстық ұйымының бас суретшісі. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Мәдениет қайраткері (2004). Діни көзқарасы - діндар. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу». Хоббиі - боулинг, аңшылық, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, I. Есенберлин, А.С. Пушкин. Бойдақ. Ұлы - Мұстафин Дархан Бейбітұлы (1984 жылы туған), мұнай-газ өнеркәсібінің маманы; Қызы - Мұстафина Айжан Бейбітқызы (1985 жылы тұған), дизайнер, модельер.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:18 қаңтарда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Қарағандыда туғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері